Алматыда бақбақтар гүлдеді: Желтоқсандағы ауа райына болжам жасалды

"Үйдің ауласында бақбақтар гүлдей бастады. Кейбіреулері сары түсті гүлдермен", - дейді алматылық тұрғын. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда жылы ауа райы сақталып тұр. Gismeteo.kz мәліметінше, бүгін, 14 қарашада ауа температурасы 13 градус жылы.

Сондай-ақ, метеосервистің мәліметінше, келесі  аптада Алматыда ауа температурасы күндізгі уақытта +17 болып, ал түнде +11 градус жылы болады.

Ал желтоқсан айында ауа температурасы күндізгі уақытта 20 градусқа дейін жоғарылап, түнде +14 градус болады.