Алматыда бас қосқан зиялы қауым кейбір жазушыларды атаққұмар деп атады

Жиында заманауи қазақ әдебиетінің дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер айтылды. Соның бірі, әрине, көркем шығармалардың насихатталуына, таралымына қатысты. Әдебиет жанашырлары еліміздегі кітап саудасының сыйы кеткеніне қынжылыс білдірді. Ал бұған бүгінгі оқырмандардың көркем шығармалардың көбіне электрондық нұсқасын оқитыны себеп дейді олар. Жиналғандар мұның сападан гөрі атаққа құмар кейбір жазушылар үшін ғана тиімді екенін алға тартты. Ал жақсы кітапты баспадан шығарудың өзі қиямет-қайым. Бұл да қазір қаржыға тіреліп қалған.

Loading...