"Он бір баланы жедел медициналық жәрдем бригадалары шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізді. Олар тамақтың жыбырлауы, түшкіру сияқты шағымдар айтқан. Балалар бассейнде жаттығу кезінде хлор буымен уланған. Жастары – 12-14 жас аралығын құрайды", - деп нақтылады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында.
Ведомствода барлық балалардың жағдайы тұрақты екенін, бейінді бөлімшеге жатқызылғанын айтты.
Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері аталған факті бойынша тергеу жүргізуде. Толығырақ қосымша хабарланатын болады.