Конкурсты ұйымдастырушалыр хабарлағандай, оның мақсаты – талантты және мақсатқа ұмтылғыш режиссерлерді, продюссерлер мен сценаришілерді тауып, оқытып, сондай-ақ Қазақстанда киноиндустрияның дамуына септігін тигізу.
Ұйымдастырушылар конкурсқа қатысу шартын мейлінше жеңілдеткен. Өтініш беру үшін үміткерлер екі құжатты толтырып, оны электрондық поштамен салып жіберулері тиіс.
Ақпаратта айтылғандай, Қазақстаннан басқа, конкурсқа қатысушылар арасында әлемнің негізгі киномектептерінен де қатысушылар болады. «Жеңістің 5 орнының біреуі қазақстандық жеңімпазға бұйырады да, қалған 4 орын халықаралық өтініш бергендер арасында бөлінеді. Жеңімпаз Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» компаниясымен бірге жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады», - делінген хабарда.
«Конкурсқа қатысу талантты сценарийшілердің арманын қысқа мерзімде орындап шығуына мүмкіндік береді. Мысалы, былтырғы конкурстың жеңімпазы «Apollo 18» фильмімен қатысқан жас американдық Браин Миллер болды. Ол фильм түсіріліп те болды және жақын аралықта экранға шығады», - деп айтқан Т. Бекмамбетовтың сөзін ақпараттық баянда келтіреді.
Үздік деп танылған 5 киножоба Астанада жылда өтіп тұратын экшн-фильмдердің халықаралық кинофестивалінде 1-5 маусым аралығында көрсетіледі.