Алматыда бастауыш сынып оқушылары бірінші қыркүйектен бастап тегін тамақтанады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ерболат Досаев мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Балалар жылы аясында әкімдік қажетті жұмыс жүргізгенін атап өтті.

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Алматы мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Әкімнің айтуынша, балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру үшін Білім басқармасы теңгерімді және әртүрлі рационды құру мәселесін пысықтады.

Қаржыландыру мәселесі жергілікті бюджетті нақтылау шеңберінде 4 наурызда мәслихатта қаралады.Алматы қаласының әкімдігі


Досаев мектепте оқушыларға орын жетіспеушілігі және балабақшадағы кезек тақырыбын да айналып өтпеді. Әкім келтірген мәлімет бойынша, қалада мектептерде 19 611 орын және балабақшаларда 41 080 орын жетіспейді екен.

Алматыда мектеп пен балабақша салуға бос жерлер мүлдем жетіспейді, ал құрылыс қарқыны тек жыл сайынғы өсімді жабуға мүмкіндік береді.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев