Алматыда басына мұз кесегі құлаған әйел көз жұмды


Алматыда әйел басына мұз кесегі құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Бостандық ауданында болған. «Әйел 1958 жылы туған. Оның өлімі бойынша дерек Бостандық ауданы ІІБ тіркелді. Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.