Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы конкурс басталды


Конкурсты Батырхан Шүкенов атындағы қор Болат Өтемұратов қорының қолдауымен ұйымдастырып жатыр. Байқау 13 қарашаға дейін алты номинация бойынша жалғасады: труба, валторна, тромбон, туба, соқпалы, джаз ансамблі.

Концерт ашылуында жетекші ұжымдар мен орындаушылар өнер көрсетті: үрмелі оркестр, Құрманғазы консерваториясы атындағы домбырашылар мен қобызшылар ансамблі, ағаш үрмелі аспапттар квинтеті, көне музыкалық D'EL'SA Consort ансамблі, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары Ж. Ерманов, М. Бисенғалиев, Д Құрманалинова, М. Керімбаев, Г. Құрамбаева, Ж. Хидуанова, А. Алина, А. Мусаипов және басқалар.

Жеңімпаздар 13 қарашада анықталады Конкурстың жалпы жүлде қоры - 5 250 000 астам теңге.