Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда 5,4 мың шаршы метрі отқа оранған базардағы өрттің себебін анықтады.
«Біз анықтағандай, дәнекерлеу жұмыстары кезінде контейнерлердің бірінде тауарлар тұтанып өртке себеп болған», - деп Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында атап көрсетті.
Өрт фактісі бойынша өрт қауіпсіздігін сақтамауға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Алматыда тауар сататын базарда 13 қыркүйекте өрт шығып, келесі күні сөндірілді.