Алматыда базарда өрт шығып, шығын көлемі 100 мың долларды құрады

Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан базарда 16-желтоқсан, сенбіде өрт шыққан. "Аула сыпырушыларға арналған қосалқы орын-жайда шыққан өрт артынан бутиктерге қарай ойысқан",- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Өрт салдарынан төрт бутик өртеніп кеткен. Алдын-ала шығын көлемі шамамен 100 мың долларға бағаланып отыр. Қазір тергеу жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті