"Бейбарыс-билдинг" ЖШС күзетшісі 9 сәуір күні сағат 17.00-де граната табылғаны жөнінде "051" нөміріне хабарлаған", - деген мәлімет ұсынады "Құтқару қызметі". 12 адам эвакуацияланған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Ф-1 гранатасы тұтандырғышсыз екені және біраз тот басқаны анықталды. Әскери немесе оқу гранатасы екенін анықтау мүмкін емес.
"Гранатаны әскери полигонда жою үшін ІІД "Арлан" қызметі алды. Сағат 18.23-те барлығына тарау туралы бұйрық берілді", - деп атап көрсетті "Құтқару қызметі".