Қазіргі таңда қалада әр түрлі меншіктегі нысандарда 32 мың бейнебақылау камералары орнатылып, 1 726 үй «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйесімен қамтылған.
Ал 930 ауладағы 8,5 мыңға жуық камералар қала тыныштығын сақтауға көмектеседі.
«Арнайы сараптама аталған жүйенің қаладағы қылмыстылықтың санын азайтуға септігін тигізетінін көрсетті. 2014 жылы камералардың көмегімен 51 қылмыс, 32 356 құқықбұзушылық ашылды», - делінген хабарламада.
ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық әкімдік бейнебақылау жүйесімен өзге де аудандарды қамтуды кезең-кезеңімен жүзеге асырмақ.