“Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-ші бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, - деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.
ІІД бұл оқиғаның анық-қанығын баяндап беруден бас тартты.
Әлеуметтік желілердегі ақпарға сүйенсек, оқиға бейсенбі күні 67 жастағы А.Байқадамованың үйінің жанында болған. Бірақ қаскөйлер әжейдің ештеңесін алмаған.