Алматыда Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Мемлекет қайраткерімен қоштасуға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, бұрынғы вице-премьер Алтай Көлгінов, Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және басқа да көптеген саясаткерлер, еліміздің қоғам қайраткерлері, әріптестері, қарапайым халық та келді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Бердібек Сапарбаевты барлық әкімдердің ағасы деп атайтынын айтты.

"Ол әкімнен де артық еді, өйткені ол қандай қызметте болса да, өз жұмысын тамаша атқарды", - деді Смайылов.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі: "Қазақ халқы ұлы тұлғасынан айырылды.Бұл бәріміз үшін орны толмас қаза", - деді.


Бердібек Сапарбаев "Кеңсай-2" зиратына жерленеді. Марқұмның жақындарының айтуынша, онда 2002 жылы жол апатынан қаза тапқан Сапарбаевтың үлкен ұлы жерленген.

Белгілі мемлекет және қоғам қайреткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында дүние салды.