Жол апаты 2-желтоқсанда Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысында болған. "Мицубиси", "Мерседес", "Дэу" жеңіл автокөліктері мен "Лифан" және "Дэу" шағын автобустары соғысып қалды. Апат салдарынан "Мицубисидің" бір, "Мерседестің" бір жолаушысы , "Лифан" автобусында отырған төрт жолаушы жараланды. Олардың бәрі де ауруханаға жатқызылды.