Алматыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Кешкі сағат 21:52-де шықан өрт 22:34-те ауыздықталды. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 10 адамы, 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Төтенше жағдай салдарынан 1973 жылы туылған Хамраев Б. есімді азамат ыс тиіп, ауруханаға жатқызылды. Өзге жапа шеккендер мен құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.