Алматыда бесқабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатыр

 Өрт тұтанғаны жайлы шақыру 11.36 кезінде түсті. Қазіргі уақытта алты өрт бөлімі тілсіз жаумен арпалысуда. Аудан қоршауға алынды.

Сол үйдің мансардында бірнеше отбасы тұрғандығы анықталды. Әзірге нақты ақпарат жоқ.