Алматыда бетон шығаратын зауыттың бір жұмысшысы қаза болды

"3 наурызда сағат 8-де "Тұлпар" ЖШС бетон араластыру құрылғысының дәнекершісі жұмыс істеп жатқан БСУ редукторы мен қоспалауыштың арасына түсіп қалды. Алған жарақаттардан жұмысшы медициналық жедел жәрдем қызметі келмей жатып оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады "Алматы қалалық құтқару қызметі".

Бұл оқиғаға байланысты істі Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушілері мен еңбекті қорғау департаменті айналысып жатыр.