Алматыда бетон тасымалдайтын көлік аударылды - фото

Жүргізушінің айтуынша, белгісіз себепке байланысты ол бұрылыста көлікті басқара алмай, көлік құралы бір шетіне қарай қисайып кеткен.

Дәл осы кезде жақын маңнан жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатты. Медицина мамандары жүргізушінің денсаулығын тексеру үшін тоқтағанымен, ер адам медициналық көмектен бас тартты.

Жароков көшесінде бетон тасымалдайтын көлік аударылды


Жол апатының нақты себебін анықтау үшін оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.