Алматыда бильярд спортынан Қазақстанның абсолютті чемпионы атағы үшін жарыс өтіп жатыр

ҚР Бильярд спорты федерациясының рейтингінде 860 ұпаймен алматылық Э.Мударисов бірінші, 750 ұпаймен астаналық Қ. Абпасов екінші, 650 ұпаймен тараздық Максим Пан үшінші орында тұр. Одан кейін қарағандылық С. Гинаятов, тараздық Д. Орныбаев, алматылық А. Муциев, ақтөбелік А. Түменов пен алматылық А. Туғанбав орналасқан.

Бұған дейін Алматыда өткен сейсенбіде снукерден Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жеткен еді. Онда алматылық Шакиржан Фазылов чемпион атанса, қарағандылық Евгений Смирнов күміс жүлдегер, ал алматылық Әділ Дияс пен Александр Власихин 3-4 орынды бөліскен болатын.