Оны Пирамида бойынша халықаралық комитет пен Бүкіләлемдік бильярд спорты конфедерациясының қамқорлығымен ҚР Бильярд спорты федерациясы ұйымдастырып отыр. Әлем чемпионаты, Әлем кубогы деңгейдегі дүбірлі додалар Қазақстанда бұған дейін де сан мәрте өткен болатын. Мәселен, әр жылдары Әуез Елубаев Әлем кубогын, Әлихан Қаранеев Әлем кубогы мен Әлем чемпиондығын иеленді. Ал былтырғы жылы бұл дүбірлі додада Ернар Шымбаевтың бағы жанды.