Алматыда бір адам үсіп өліп, 11-ін үсік шалған

Әдетте мұндай жағдайға тап болатындардың басым бөлігі тұрғылықты жері жоқ жандар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Дала да сіресіп қатып қалған ер адам да солардың қатарынан.

Медициналық көмекке жүгінгендер саны соңғы бір аптада күрт атыпты. Аязды күндер басталғалы 124 адам тайып құлап, т.рлі дене жарақатын алған. Тағы 34 адамның миы шайқалыпты. 11-інің аяқ-қолын үсік шалған екен.