Алматыда бір әйел Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жауапқа тартылмақшы

"Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасында оның үстінен үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Олар - жеңгетайлық, кәмелеттік жасқа толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ, жынойнақ ұйымдастыру", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыстармен күрес басқармасының бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бақыт Балғымбаев.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері кезекті жынойнақты анықтаған. Оған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны иелік еткен. Әрқайсысында 13 қыздан тұрған бір бөлмелі екі пәтер Тузов көшесіндегі үйлердің бірінде орналасқан екен. 26 бойжеткеннің барлығы да Өзбекстаннан келгендер болып табылады. Оның үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған.