Алматыда бір әйел жолаушылар отарбасының астына түсіп қалды

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Жетісу ауданында Сүйінбай даңғылының бойында 25-қыркүйекте 9 сағат 34 минутта болған. 53 жастағы әйел белгіленбеген жерде темір жолды кесіп өтуге әрекет жасаған сәтте Астана-Алматы бағытындағы №4 отарбаның астына түсіп кетті.

Әйел оқиға орнында жан тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті