Алматыда бір аптаның ішінде 41 жабайы сауда орындары жабылды

Жүргізілген іс-шара барысында Алатау, Әуезов және Алмалы аудандарында әр аудан бойынша заңсыз ашылған 6 сауда орындары жойылған. Осы сынды жабайы сауда мен жайма базарлар Бостандық ауданы бойынша - 11 орында, Жетісу ауданы бойынша - 5, Медеу ауданында - 3, ал Түрксіб ауданында - 4 орында жойылған. Мұнда негізінен көкөністер мен жеміс-жидектер, сонымен қатар, ұсақ-түйек тауарлар сатылған.

Рейд жұмыстары сонымен қатар, қала базарларының айналасында да жүргізілді. Полиция күшімен барлық сауда нүктелері таратылды.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандарының айтуынша, осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.