Оқыс оқиға Түріксіб ауданында дүйсенбі күні темір жол өткелінде болған. 52 жастағы ер адам жедел жәрдем дәрігерлері жеткенше көз жұмды.
Қазір бұл оқиғаның себебін көліктегі Оңтүстік-Шығыс прокуратурасы тексеруде. Поездың нөмірі анықталуда.
Белгілі болғанындай, қаза тапқан адамның қалтасынан: "өмірмен қош айтыспақпын, менің өліміме ешкімді кіналамауды өтінемін", деген жазуы бар хат табылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті