Алматыда бір ер адам пойыздың астына түсіп қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17 қарашада сағат 08.35-те "Жұлдыз" ықшамауданында Алматы - Защита бағытындағы №351 пойыз 20 - 25 жастар шамасындағы бір еркекті қағып кетті, соның салдарынан ол жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында қаза тапты.