Алматыда бір мас жолаушы автобустың жолсерігін жарақаттады

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, мас күйіндегі жас жігіттің қоғамдық көлікпен қатынау жол ақысы- 25 теңгені төлеуден бас тартуы салдарынан дау шыққан. Жол ақысын төлеу жөніндегі талапқа пышақпен жауап берген мас жүргінші автобустың жолсерігін ішінен жарақаттаған көрінеді. Қан-жоса болған серігін көрген автобустың жүргізушісі жолаушыны ұстап алған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем тобы жараланған жолсерікті қалалық 12-ші ауруханаға жатқызды. Тұтқын полицияға тапсырылды.