Алматыда бір оқушы мектепте газ баллонынан газ шашу салдарынан бірнеше адам уланды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға №159 орта мектепте болған. Жоғарғы сыныптың 16 жастағы оқушысы сабақ кезінде "Перцовый шок" деп аталатын газ баллонынан газ шашып жіберген. "Улану белгілерімен 4 адам дәрігерлік көмекке жүгінді, олардың арасынан бір оқушы қыз ауруханаға жатқызылды, қалғандары ауруханаға жатудан бас тартты",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратына сәйкес, оқушы қыз орташа жағдайда ауруханадан шығарылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті