Алматыда бір тәулік ішінде жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге дейін жетті

Осы уақыт ішінде қалалық коммуналдық шаруашылық қызметімен қаланың магистральды көшелерінен 10862 текше метр қар сыртқа шығарылды.

Алматы қалалық Табиғи ресурстар мен табиғат ресурстарын пайдалану басқармасының мәлімдеуінше, биыл қыста жауын-шашынның мол болуына байланысты коммуналдық шаруашылық қызметі қаладан 381 854 текше метр қар шығарған.


«Ақпанның 23-інде қардың қалың түсуіне байланысты қарды күреу мен тасу ЖБП патрульды көліктерінің қадағалауымен жүзеге асты. Жол қабатына 3915 тонна құмды-хлоридті қосынды төселді. Осы мақсатта жұмысқа 679 арнайы техника 895 жұмысшы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.