Қарулы күштер сапында қызмет ету - әрбір ер-азаматтың борышы. Ал, оны абыройлы атқару - үлкен жауапкершілік. Осыны жете сезініп, асқақ рухпен жігерленген жігіттер Отан алдындағы парыздарын адал атқаруға дайын тұр. Оларды әскери бөлімдеріне шығарып салуға қала әкімі, жоғарғы шенді генералдар мен жас сарбаздардың туған-туыстары келіпті.
Қайрат Қыдырбаев, Жас сарбаздың әкесі:
-Балаларымыз армияға шығарып жатырмыз. Отан алдындағы борышын аман-есен орындап, адал атқарып қайтуына тілектеспіз. Балалырымзға ақ жол тілейміз.
20 жастағы Бақашар Дастан өз еркімен әскер қатарына шақыртылған жас сарбаздардың бірі. Әскери адам болуды армандаған ол, отан алдындағы борышын атқарғаннан кейін, келісім-шарт бойынша қызмет етуді жоспарлап отыр.
Бақашар Дастан:
-Өз отанымды қорғап, адал қызмет етемін отаныма. Әсер адамды түзейді. Қазір міне бара жатыфрмыз ол жақтан басқа адам болып ораламыз. Спортпен айналысып, жігіт болып келеміз.
Биылғы шығарып салу салтанатында жас сарбаздарға тіпті сыйлықтар да үлестірді. Отандық эстрада әншілері де әскери өмірдің қызығы мен шыжығын көруга аттанғалы тұрған жігіттерге сәттілік тіледі. Ал, әскер қатарында бұрыннан жүрген аға буын өнерлерін паш етіп, қоян-қолтық ұрыстың бірнеше әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Осылайша40 бозбала сән-салтанатпен әскери бөлімдеріне аттанды.Енді олар келесі жылдың көктеміне дейін Қапшағай қаласындағы Аэроұтқыр әскерінің қатарында қызмет ететін болады. Ал, жыл соңына дейін Алматыдан әлі 600 жас сарбаз түрлі әскери құрылымдарында қызмет етуге аттанбақ.