Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Алматы Кәсіпкерлік басқармасы берген мәлімет бойынша, 23 қаңтарда сағат 00:00-ден 09:00-ге дейін:
- дизель отыны – 900 тонна (тәуліктегі қажеттілік - 1 070 тонна);
- АИ-92 - 1 880 тонна (тәуліктегі қажеттілік - 1 808 тонна);
- АИ-95 - 400 тонна (тәуліктегі қажеттілік - 800 тонна) сатылған.
Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Бір сағатқа жетпей мегаполис тұрғындары жаңа, әлсіз дүмпулерді сезді.