Ол өзінің бейнеүндеуінде солардан Назеркені жіберуді өтінді, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Менің қызымды біреулер ұстап немесе қамқорлығына алып отырған адамдар ана ретінде сұрайтыным біздің қызымыз аман-есен болсыншы. Сондықтан қызымызды үйге жіберулеріңізді сұраймыз. Сіздерді сосын іздестірмейміз деп уәде береміз. Ешқандай күмән болмасын. Қызым, Назерке, мені естіп, көріп отырсаң біліп қой, біз сені қатты жақсы көреміз. Үйге қайта ғой. Біз сені күтіп отырмыз. Сені ренжітсек, бізді кешір. Үйге оралсаң, біз үшін үлкен бақыт болар еді" дейді қыздың анасы.
Айта кетейік, бұрынырақ белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт жоғалған қайын сіңлісі - Назерке Әріп туралы хабар айтқандарға сүйінші берілетінін мәлімдеген еді.