Алматыда бірегей ғимараттар бой көтеуге тиіс, бірақ тұрғындардың көз қуанышы болған таулар бұрынғыдай көрініп тұруы керек

"Алматыдағы әрбір әсем ғимаратты, әрбір жаңа құрылыс алаңын өз көзіммен көріп, мақұлдаймын. Бұл қаланы мен балалық шағымнан білемін және осынау ғимараттар тұрғындардың көз қуанышы болған әсем тауларды көлегейлеп тастамағанын, Алматыға таза ауа әкелетін желдердің жолына тосқауыл болмағанын қалаймын. Алматы еліміздің ғылым мен мәдениет орталығы болып бұрығысынша қала береді",- деді ол. "Елімізді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының жобасы жасалуының арқасында және қазіргі заманғы озық технологиялар орталықтарының құрылуы арқасында осынау ұлығаусар іс жүзеге аса бастады",- деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, "қалада 10 млрд. долларға бағаланған құрылыс жұмыстарының жобасы жасалған".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті