Агенттік сұрағы мынадай болған: "Сіздің пайымдауыңызша, Алматыда бірінші кезекте нені қаржыландыру қажет?"
Экологиялық шаралардың дамудың басымдыққа ие, яғни, қаржыландыру бағыты болуы үшін оқырмандардың 25 пайызы дауыс берген. Сонша адам энергиямен және жылумен жабдықтауды қаржыландыруға өз дауыстарын берген. Сауалнамаға қатысқандардың 22 пайызы ақша қаражатты әлеуметтік саланың нысандарын (мектеп, аурухана, балалар бақшаларын) салуға жұмсау керек деп есептейді. Оқырмандардың тағы 18 пайызы аяқталмаған құрылысты қаржыландыруға өз дауыстарын берсе, 7 пайыз сумен қамтамасыз етуге берілген. Бұдан басқасын дауыс бергендердің 4 пайызы таңдаған.
Сауалнамаға барлығы 683 адам қатысқан.