Алматыда бірінші жартыжылдық соңындағы бюджет қаражатының қалдығы 4 млрд 844 млн теңгені құрады

"2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бюджет қаражатының қалдығы 4 млрд 844 млн теңгені құрады. 24 млрд 657 млн теңге сомасындағы алты айлық жоспарда қарастырылған бюджеттік алымдар республикалық бюджетке толығымен аударылды. 2008 жылдың бірінші жартыжылдық шығындары бойынша нақтыланған бюджеті 125 млрд 3 млн теңгені, нақтыланған жоспар 128 млрд 833 млн теңгені құрайды", - деп хабарлады А. Әбдіқадырова.