Алматыда «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында футболдан сайыс өтеді

«Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында ертең футболдан, аталған ауданның аула клубтарының, аудан мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында жарыс ұйымдастырмақ.

Аталған шара ҚР Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы мен «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.

Сайыстың негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттырып, шеберлікті жетілдіру болып табылады.

Жеңімпаз командалар «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.