Алматыда бірнеше көшені ыстық су басты

Жарылған жылу құбырының кесірінен жақын маңның бәрі ыстық буға оранды. Ал осы магистральге қарасты 7 нысан жылусыз қалды. Олардың біреуі тұрғын үй, қалғандары әкімшілік ғимараттар. Апатқа құбырдың ескіруі себеп дейді жауапты мамандар. Мұндағы жылу магистральдары 23 жыл бұрын пайдалануға беріліп, содан бері ешбір жөндеу көрмеген екен. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Loading...