Алматыда бірнеше сағатта 131 мас жүргізуші ұсталған

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 7 адам көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін ұсталған. Айыппұл тұрағына 62 көлік қойылған. Жол инспекторлары 6 адамның кім екендігін анықтау үшін аудандық ішкі істер басқармасына жеткізген. Алдыңғы терезелері көлеңкеленген көлік айдағаны үшін 18 жүргізуші ұсталған. 4 көлік иесіне көлік құралының тұрағы және оны тоқтату ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынған.

Полицейлер "Қала жолдарындағы ахуал көлік құралдары санының үнемі артуына байланысты және де көше жолдары желісінің өткізу мүмкіншіліктерінің жеткіліксіздігіне байланысты бұрынғыдай қиын болып отырғандығын" хабарлауда. "Статистика көрсетіп отырғандай, жыл басынан бері Алматыда жол-көлік апаттарының салдарынан екі жүзге жуық адам қайтыс болған, және 2 мыңнан астам адам әртүрлі деңгейде жарақаттар алған",- деп қосты олар.

Осыған байланысты Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Түнгі рейдтің негізгі мақсаты - заң бұзушылықтардың алдын алу және көлікті мас күйінде басқару, жолдың қарсы бетіне шығып кету, апаттық жағдай туғызу, көлікті жүргізуші куәлігінсіз және тіркеу құжатынсыз басқару деректерін анықтау болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті