«23 маусым күні сағат 09.00-ден 26 маусым 06.00-ге дейін Желтоқсан көшесінің бірқатар бөлігі жабылады. Атап айтқанда, Желтоқсанның Шевченко, Қарасай батыр, Әйтеке би көшелерімен қиылысатын, сондай-ақ Мақатаев-Мәметова көшелері аралығындағы бөліктері жол қозғалысы үшін жабылады»,- деді баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарына байланысты Фурманов - Құрманғазы - Чайковский - Жамбыл; Фурманов - Қабанбай батыр - Чайковский - Бөгенбай батыр; Панфилов - Қазыбек би - Чайковский - Гоголь; Абылай хан - Мақатаев - Чайковский - Маметова квадраттарында орналасқан нысандарға ыстық су беру тоқтатылады.