Сонымен қатар, әкім биыл сала қызметкерлерінің еңбекақысына үстеме қосылатынын айтып өтті.
«Елбасының тапсырмасы бойынша 1 сәуірден бастап денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысына 10 пайыз үстеме қосылады. 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап олардың еңбекақысы тағы да 28 пайызға көбейіп, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі қайта қарастырылады», - деді қала әкімі.
Өткен жылы денсаулық сақтау саласында қалалық бюджеттен 40 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға бірқатар медициналық мекемелер, атап айтқанда, 14 нысан күрделі жөндеуден өткізілді. №5 және №15 перзентханаларда сейсмокүшейту шаралары жүргізілді. Сондай-ақ, былтыр қала тұрғындарының игілігіне Алатау, Түрксіб аудандарында бірнеше емхана берілді.