Бүгін мұнда ұйғыр шығармашылық ұжымдарының концерті болып өтті. Фестивальдің екінші күні ұйғырдың ұлттық тағамдарының ерекшеліктері таныстырылатын болады. Сонымен қатар, шара барысында ұйғыр суретшілерінің көрмесі өтеді.
Шараға Алматы қаласының ұлттық мәдени орталықтары тартылған. Онда бүгінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының 31 этномәдени орталығы жұмыс істейді.
Мәдени күндерге республикалық ұйғыр орталығының төрағасы Ахмеджан Шардинов арнайы қатыспақ.