Алматыда бойжеткен жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп, мерт болды

Қайғылы оқиға Момышұлы көшесінің бойынша "Алматы Аренадан" төменірек жерде орын алды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 1995 жылы туған қыз көпірден секіріп кеткен.

Алматыда бойжеткен қыз көпірден секірді


Бұл уақытта оңтүстік бағытта Hyundai Accent жүріп келе жатқан. Көлік қызға тиіп кетті, бойжеткен алған жарақаттардан "жедел жәрдем" келгенге дейін жан тапсырды. 

Оқиғаның мән-жайын Алматы полициясы анықтап жатыр.