Бұл шара "Динамо" денешынықтыру спорт қоғамы бірлестігінің қазақстандық қоғамының құрылғанына 85 жыл толуына арналып отыр. Қазақстанда ол 1923-1925 жылдары алғашқы кезде Алматы, Қызылорда, Өскемен және Семей қалаларында Қазақ пролетарлық ячейкалары негізінде дүниеге келген болатын. Қазіргі уақытта «Динамо» спорт қоғамының 14 облыстық, төрт қалалық филиалы бар. Мүшелерінің саны 70 мыңнан асады. Олар мұнда спорттың 25 түрі бойынша жаттығу жасайды, оның 19-ы - жазғы, 6-сы қысқы спорт түрлері. 2008 жылы Бейжіңде өткен ХХІХ Жазғы Олимпиада ойындары кезінде Қазақстан қоржынына түскен 13 медальдің 11-ін динамошылар салды. Ал биыл Ванкуверде болған ХХІ Қысқы Олимпиада ойындары кезінде ел қоржынына түскен күміс медальдің иесі биатлоншы Елена Хрусталева да «Динамо» спорт қоғамының мүшесі.