Алматыда болған жол-көлік апатынан әйел адам қаза тапты


«Жол-көлік апатынан «Мицубиси» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен төрт жолаушысы зардап шекті. Өкінішке қарай, жолаушылардың бірі - 56 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Қалғаны түрлі жарақатпен қаладағы медициналық мекемелеріне жеткізілді. Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Бірнеше сараптама тағайындалып, сол арқылы жол-көлік апатының мән-жайы анықталатын болады», - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД тергеу бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Олжас Шәріпов.