Алматыда борышкерлер Келімбетовты кабинетінен шығара алмады

Келімбетов шық!

Қымбат пәтерлерді ипотекамен алғандар екінші деңгейлі банктер сылбыр жұмыс жүргізіп жатыр дейді. Себебі сәуірде басталған бағдарлама бойынша қазірше тек 3 борышкердің қарызы қайта қаржыландырылыпты. Ал 3 мыңнан астам өтініш 9 ай ішінде қаралып, бөлінген қаржы осы уақытта игерілуі тиіс болған екен. Бағдарлама бойынша, доллармен алған қарыз теңгеге аударылып, пайыздық үстемақы 26-дан 3-ке дейін түсірілмекші. Бірақ борышкерлер мұны да азсынып отыр.

Сұлубике Жақсылықова, «Баспана халықта қалсын» қоғамдық қозғалысының төрайымы:

-Қарыздың ай сайын қайтарылатын сомасы жеке-жеке есептелуі тиіс. Әрі табысы міндетті түрде ескерілсін. Егер 40-50 мың теңге болса біз келісер едік. Ал негізгі қарыз бен пайызды қосып, оны ай санына бөлгендері дұрыс емес. Біздің жағдайды да түсінулері қажет. 

Loading...