Алматыда борышкерлер несиелерінің үстемі пайызын төлеуден бас тартты

Қарызды жеке банктен алып, көмекті мемлекеттен сұрап, сан рет бас көтерген борышкерлерге бір ай бұрын жеңілдіктер жасалса да, олар сабасына түсер емес. «Қалтамызды қағып бітті» деген жұрт бүгін де банк алдына жиналып, кезекті талаптарын айтты.

2004-2009 жылдар арасында ипотекалық несие алып, кейін төлей алмай қалғандардың мәселесін шешу үшін мемлекет 130 млрд теңге бөлгенін айта кетейік. Бұл қаржы қарыздың жылдық үстемесін 3 пайызға дейін түсіруге жұмсалады деп жоспарлануда. Бірақ пәтерлерге қатысты сот шешімінің шығарылғаннан кейін қиындық туған.

Сұлубике Жақсылықова, «Халықты баспанамен қамтиық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

-Өткен жолғы кездесу барысында банк менеджері жеке сот орындаушылардың ақысы мен несиенің үстеме ақысы борышкерден алынады деп айтты. Олар өз жанын баға алмай жүргенде ақшаны қайдан табады?! Бұлар кешірілген үстеменің 10 пайызын төлеуді талап етіп отыр.

Борышкерлер осы 10 пайызды төлеуден бас тартып отыр. Әрі Ұлттық банктің арнайы қаулысында бұл туралы сөз қозғалмаған. Ал оны өз қалтасынан төлеуге менеджерлер де құлықты емес.


Мұрат Әбішев, банк қызметкері:

Қарызды алып тастаймыз. Сол қарыздан салық болады 10 процент. Сол салықты біз төлемейміз. Келісімге қол қоймадық себебі...

Бүгінде осындай борышкерлер саны 20 мыңнан асады. Қарызды қайтару мерзімін 20 жылға ұзарту, жылдық үстемені 3 пайызға дейін төмендету сияқты жеңілдіктер жасалғанымен, борышкерлердің жыры сонда да бітер емес. 

Loading...