Алматыда борышкерлер тағы шу шығарды

Сұлубике Жақсылықова, борышкер:

-130 млрд теңгені екінші деңгейлі банктермен келісім-шартқа отырып, депозитке салу керек болатын. Содан кейін біздің мәселелеріміз шешіліп бастайды. Ал кейбір банктер соған қол қоймай  отыр. Сол банктердің бірі – «Forte Bank».

Банк алдына жиналғандар арасында кепілмен несие алғандар да көп. Барлығы да мемлекеттен бөлінген миллиардтар бізге неге жетпей жатыр деп даулап келіп тұр. Ал, банк өкілдерінің айтуынша, бұл мәселеден астар іздеп әуреленудің қажеті жоқ. Кейбір құжаттарды рәсімдеу созылып, мемлекеттен бөлінген қаржының әлі күнге банк қорына түспеуі содан екен.

Нұрлан Жұмағұлов, «Forte Bank» өкілі:

-Келісімге қол қоюға қазір дайынбыз. Бізде көп сұрақтар болған, «Ұлттық банкпен» қазір бар сұрақтарды шешіп жатырмыз. Келесі аптада бұйыртса бастаймыз.

Loading...