Алматыда Британдық виза орталығы мен Ұлыбритания елшілігінің өкілдігінің ашылуы болады

Ашылу салтанатына Қазақстан Респеубликасының Сыртқы істер министрлігінің , Алматы әкімшілігінің өкілдері, Ұлыбританияның қорғаныс министрінің орынбасары, ардагергер ісі жөніндегі министр Дерек Твигг, Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы төтенше және өкілеттті елшісі Пол Браммел, Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы елшілігінің консулы Барри Бобин-Мартин мен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің коммерциялық серіктестігі VFS Global Ltd компаниясының өкілдері қатысады.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың тамызынан бастап қазақстандықтардың Ұлыбританияға виза алу өтініштерін қабылдаумен Алматыда мамандандырылған кеңселерін ашатын жеке компания айналысады. Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстан Респеубликасындағы елшісі П. Браммел хабарлаған болатын. Ол сондай-ақ жаңа кеңсенің жұмысы Қазақстан азаматтарына виза беруді қиындатпайды, керісінше, оны алу процедурасын жеңілдетеді, деп атап көрсеткен болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті