Алматыда бүгінгі жағдаймен 771 еңбек мигранты заңдастырылды

Жалпы заңдастыру шарасы басталғаннан бері ТМД азаматтарына 11 539 көші-қон карточкалары берілді.

Заңсыз мигранттарды заңдастыру шарасы аясында қалада "Гастарбайтер" операциясы өткізілді. Тәртіп сақшылары оның барысында Алматының бірқатар аудандарында төлқұжат тәртібін тексерді.

Үш күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған мыңнан астам адам ұсталды. Олардың арасында Өзбекстан мен Тәжікстанның 185 азаматы бар. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 143 адам қабылдап-таратқышқа тоғытылды. Елімізге келу ережелерін бұзғаны үшін 676 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 243 шетел азаматының елімізде болу мерзімі қысқартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті