Алматыда бұрынғы металл фурнитуралар зауыты өртеніп жатыр

Зауыт Өтеген батыр мен Төле би көшелерінің қиылысында "Сайран" автобекетіне қарама-қарсы орналасқан.

"Құтқару қызметінің" ақпараттарына сүйенсек, қаланың кезекші өрт сөндіру қызметіне өрт шығу туралы хабар Алматы уақыты бойынша 16.04 келіп түскен. Оқиға болып жатқан жерге өрт сөндірушілер келіп жетті.

Алдын-ала берілген ақпараттарға сүйенсек, жалын шамамен 500 шаршы метрді шарпыған.